Мазмұнға өту
qandastar.

Түрікменстанда жалақы мен жәрдемақылардың өсуін тоқтату ұсынылды

bahitzhanabzal · · 134 қаралым
Түрікменстанда жалақы мен жәрдемақылардың өсуін тоқтату ұсынылды

Фото: ашық дереккөзден

Түрікменстанның ұлттық лидері Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өткен Халк Маслахатының отырысында күтпеген ұсыныс айтылды, деп хабарлайды qandastar.kz

Құрметті ақсақал Язмырат Атамырадов елде жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және стипендия көлемінің жыл сайын артып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай жағдай әлемнің ешбір мемлекетінде жоқ, қазір әр отбасының тұрмысы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген.

Сол себепті Атамырадов алдағы уақытта жалақы мен әлеуметтік төлемдерді өсіруді тоқтатуды ұсынып, бұл бастаманы қолдауды Бердімұхамедовтен өтінді.

Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылғы сәуірде, Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылған автокөлікті бір шартпен сатып алуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp