Мазмұнға өту
qandastar.

Түркі мемлекеттерінің ортақ әнұраны жазылады

bahitzhanabzal · · 394 қаралым
Түркі мемлекеттерінің ортақ әнұраны жазылады

Фото: idelreal.org

Мұндай бастаманы Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры, Түркі мемлекеттері өнер университеттері одағының төрағасы, профессор Ерхан Өзден көтеріп отыр, деп жазды

Профессордың айтуынша, сөздік өнердің барлық бағыттарын қамтып, әртүрлі түркі тілдеріндегі мағыналарын ескере отырып, терминдер ұсынылады. Бұл - энциклопедияның бір түрі болады.

Жобаның мақсаты – барлық түркі елдері үшін түсінікті әрі қолжетімді терминдердің бірыңғай базасын құру. Бұл біздің аймақ халықтарының тілі мен мәдениетінің бірлігін нығайтуға көмектеседі
деп атап өтті Ерхан Өзден.

Екінші маңызды жоба - түркі мемлекеттерінің ортақ әнұранын жазу болмақ. Өзден әнұранның мәтіні мен әуені түркі халықтарын біріктіретін тарихты, дәстүрлер мен құндылықтарды бейнелейтінін атап өтеді.

Әнұран барлық түркі елдерінің өкілдеріне түсінікті тілде жазылады. Біз оның бірлігіміз бен ортақ болашағымыздың символына айналуына ұмтыламыз
деді профессор.
Бөлісу: Telegram WhatsApp