Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ICESCO) шешімімен Түркістан қаласы келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Аталған шешім Түркістанның тарихи және рухани маңызын халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді.
Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесі аясында қалада мәдени және рухани іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.