Түркістан облысының Келес ауданында болған қайғылы оқиғада бір отбасының екі баласы суға батып көз жұмды.
Оқиға Еңбекші ауылындағы Ошақты суару каналында болған, деп хабарлайды
порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диас 31 мамыр күні жоғалып кеткен. Оларды іздеуге төтенше жағдайлар қызметі, полиция және құтқарушылар жұмылдырылып, тәулік бойы іздеу жұмыстары жүргізілді.
Балалардың анасы Айгүл Тамашеваның айтуынша, ағасы інісін құтқармақ болған кезде өзі де суға кеткен болуы мүмкін.
Сағат төрт жарымда қызым "мама, Диас батып кетіпті" деп айтты. Мен бір ұлым екен деппін. Жылап жүгіре бердім. Сөйтсем әкімшіліктегі Дәурен деген бала "жеңгей, сабырлы болыңыз" деп жатыр. Сөйтсем екінші балам да батып кетіпті. Ағасы інісін құтқарам деген ғой. Жауып тастасын мына каналды. Менің әлі бес балам бар, олар да барады каналға
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген кезде суға құлап кеткен.
2013 және 2018 жылы туған кәмелетке толмаған балалар ойын кезінде ересектердің қарауынсыз қалып, суға құлап кетіп, ағыс алып кеткен
Іздестіру жұмыстарына жалпы саны 73 қызметкер, 11 техника және 2 жүзу құралы тартылған. Құтқарушылар алдымен 2018 жылы туған баланың денесін тапса, келесі күні 2013 жылы туған баланың денесі судан шығарылды.