Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістан облысында ағайындылар есірткі саудасын отбасылық кәсіпке айналдырған

Малика Хамит · · 193 қаралым
Түркістан облысында ағайындылар есірткі саудасын отбасылық кәсіпке айналдырған

Мамырда тәртіп сақшылары Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды

порталы

-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталды.

Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді
делінген мәлімдемеде.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Дәйексөз

[embed]https://youtu.be/yLJavKEwJC0?si=-LYeThWO-A8JotGq[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp