Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістан облысында қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Малика Хамит · · 211 қаралым
Түркістан облысында қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Облыстық полиция Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды

порталы.

Тәртіп сақшылары баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде.

Сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен әңгімелесуде.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады
дейді департаменттегілер.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)
Дәйексөз

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp