Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған

bahitzhanabzal · · 355 қаралым
Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған
Фото: ашық дереккөз
Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған, - деп хабарлайды qandastar.kz.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі екі досымен бірге оны байлап, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарған.
Күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, әйелді ақыл-есі кем деген диагнозбен орталыққа орналастырыпты.
Әйел емханада үш күн жатқан. Сондай-ақ әйел осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болғанын да айтты.
Бөлісу: Telegram WhatsApp