Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістан облысында Өзбекстанның үш азаматы жолда қалып, құтқарушылардан көмек сұрады

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Түркістан облысында көлігі бұзылып, жолда қалған Өзбекстанның үш азаматына ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті. Олар шетелдіктерді жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Оқиға Келес ауданының Абай ауылында, «Сарыағаш – Абай» облыстық маңызы бар автожолында болған. Автокөліктің техникалық ақауына байланысты үш адам жолда қиын жағдайға тап болған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ-нің «Қызыл-Аскер» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері оларға жедел көмек көрсетіп, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді.

Құтқарушылардың мәліметінше, азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Олар көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp