Түркістан облысында полиция қызметкері Шерхан Қалтұрсын интернет-алаяқтардың арбауына түскен әйелдің 5 млн теңгесінен айырылып қалуына жол бермеді. Ол банк терминалының алдында күмәнді қаржылық операция жасап жатқан әйелді байқап, мән-жайды анықтауға кіріскен, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Белгілі болғандай, алаяқтар әйелге телефон соғып, туыстарына пошта арқылы сыйлық келгенін айтқан. Кейін оның сеніміне кіріп, ұялы телефонына келген растау кодын сұрап алған.
Осыдан кейін қаскөйлер әйелдің атына 5 млн теңге несие рәсімдеп, қаражатты өздеріне аудартуға әрекет жасаған.
Полицейдің дер кезінде араласуы алаяқтық әрекеттің алдын алуға мүмкіндік берді.