Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апаты: бір әулеттің бес қызы қаза тапты

Малика Хамит · · 124 қаралым
Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апаты: бір әулеттің бес қызы қаза тапты

Түркістан облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан бір әулеттің бес қызы қаза тапты, деп хабарлайды

порталы.

Тағы бір бала түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қайғылы жағдай Түлкібас ауданында тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқару тізгінін жоғалтып алып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Оқиға салдарынан көлікте болған бес қыз оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір бала ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заң аясында тиісті процестік шешім қабылданады
деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, әсіресе алыс жолға шыққанда қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беруге кеңес берді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp