Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістан облысындағы жол апатынан жеті адам қаза тапты

Бақытжан Мұса · · 172 қаралым
Түркістан облысындағы жол апатынан жеті адам қаза тапты

Түркістан облысында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапты. Қайғылы оқиға түнгі уақытта Бәйдібек ауданындағы Шаян–Екпінді тас жолында болған, дейді Qandastar.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Соққыдан кейін көліктердің бірі өртеніп, жол апатына түскен жеті адам оқиға орнында көз жұмған.

Полицияның мәліметінше, қаза болғандардың алтауы бір ауылдың тұрғындары болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша сақ болуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp