Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістанда 8 жастағы бала 38 күннен бері табылмай жатыр: анасы көмек сұрады

Бақытжан Мұса · · 802 қаралым
Түркістанда 8 жастағы бала 38 күннен бері табылмай жатыр: анасы көмек сұрады

Түркістан облысында 8 жастағы баласын таба алмай отырған ана мемлекеттен көмек сұрап отыр. Оның айтуынша, ұлы жоғалғанына 38 күн өтсе де, іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Бұл турлы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жоғалған Жаннұрдың анасы Манат Исабекованың сөзінше, ол күні баласын түстен кейін достарымен ойнауға жіберген. Алайда шамамен бір сағаттан соң баланың жоғалып кеткені белгілі болған. Содан бері ата-анасы оны Келес өзеніне кетті деген болжаммен іздеп келеді, бірақ еш нәтиже жоқ.

Анасы құтқарушылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтып, қарапайым тұрғындардың іздеуге белсендірек қатысқанын жеткізді. Оның айтуынша, жергілікті халық өз қаражатымен арнайы техникалар жалдап, суға түсіп іздеу жұмыстарын жүргізген.

Жақындары Төтенше жағдайлар министрлігінің бұл іске араласуын сұрап, өзен ағысын уақытша тоқтатып, қосымша техникалар қолдануды талап етуде. Алайда ресми мәліметке сәйкес, іздеу-құтқару жұмыстары 2026 жылдың 23 сәуірінде аяқталған. Мамандар бұл шешімді қауіпсіздік талаптары мен белгіленген тәртіпке сәйкес қабылдағанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда баланың туыстары мен ауыл тұрғындары іздеуді өз күштерімен жалғастырып жатыр. Олар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, аумақты толық тексеруге тырысуда.

Еске салсақ, 23 наурыз күні Абай ауылында 8 жастағы бала өзенге ағып кеткені туралы ақпарат тараған. Алайда ата-анасы бұл нұсқаға толық сенімді емес, себебі оқиғаға қатысты куәгер балалардан нақты жауап ала алмаған.

Толығырақ: Stan.kz.

Бөлісу: Telegram WhatsApp