Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістанда білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған

bahitzhanabzal · · 150 қаралым
Түркістанда білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы  мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады, деп жазды qandastar.kz

Ақша білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз жалақы аудару арқылы ұрланған.

Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp