Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістанда тоғыз айлық сәбидің асқазанынан батарейка алынды

Малика Хамит · · 47 қаралым
Түркістанда тоғыз айлық сәбидің асқазанынан батарейка алынды

Түркістан облысында тоғыз айлық сәбиге шұғыл түрде ота жасауға тура келді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бала екі батарейканы жұтып қойған.

Сәби ауыр жағдайда Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер тексеру кезінде оның асқазанында бөгде зат бар екенін анықтаған.

Мамандар бір батарейканы операция арқылы алып шықты. Ал екіншісі ішекке өтіп кеткендіктен, дәрігерлер сәбидің жағдайын бақылауда ұстаған. Бірнеше күннен кейін екінші батарейка табиғи жолмен шыққан.

Операциядан соң бала үш тәулік жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір оның жағдайы тұрақталған.

Дәрігерлер батарейка мен магнит секілді ұсақ заттардың бала үшін аса қауіпті екенін ескертеді. Оларды сәби қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp