Түркістан облысында болған қатыгез қылмысқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ленгір қаласында кәмелетке толмаған қыз кездесіп жүрген жігітін ескі зауытқа шақырып, бірнеше рет пышақ сұғып, кейін мәйітін өртеп жіберген.
Сот материалдарына сәйкес, қыз жігітімен қарым-қатынасын тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда жігіті бұған келіспеген. Осыдан кейін ол 2026 жылғы 25 мамырда жігітін Ленгірдегі жұмыс істемейтін ескі зауыт ғимаратына шақырған.
Кездесу кезінде араларында әңгіме өрбіген. Сол сәтте қыз жігітінің кеуде тұсына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Артынша үстіне тұтанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберген. Жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қылмыстық іс сотта қаралып, жасөспірім қызға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Бұл туралы Түркістан облыстық соты хабарлады.