Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістанда жасөспірімді зорлаған 71 жастағы зейнеткер 15 жылға сотталды

Малика Хамит · · 194 қаралым
Түркістанда жасөспірімді зорлаған 71 жастағы зейнеткер 15 жылға сотталды

Ер адамға кәмелетке толмағанды зорлау және тұрғын үйге заңсыз кіру баптары бойынша айып тағылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Зейнеткер 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болды.

Еске сала кетейік, оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған.

Желіде тараған ақпарат бойынша, азғындық жасады деген ер адам – қыздың туысы.

Жасөспірімнің жүкті екенін ата-анасы жеті айында білген. Ол биыл ақпан айында босаныпты.

Оны естіген ауыл үлкендері күдіктінің отбасы көшсін деп талап етті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp