Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістандағы тарихи күн: Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіндегі сапарынан фоторепортаж

Малика Хамит · · 915 қаралым
Түркістандағы тарихи күн: Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіндегі сапарынан фоторепортаж

17 мамыр күні атап өтілетін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай

ақпараттық агенттігі Мемлекет басшысының соңғы жұмыс сапарларының бірінен дайындалған арнайы фоторепортажды назарларыңызға ұсынады.

Кадрларда Президенттің ресми кездесулері, көтерген мәселелері және сапар барысындағы сахна сыртындағы сәттер қамтылған.

Түркістандағы халықаралық атмосфера

15 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін барды.

Түркі әлемінің көшбасшыларын қабылдаған көне шаһар бұл күні халықаралық дипломатияның маңызды алаңына айналды.

Қала көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, негізгі нысандарда ресми делегацияларды қарсы алу жұмыстары ұйымдастырылды.

Қонақтарды қарсы алу сәттері

Саммит аясында Президент бауырлас елдердің көшбасшыларымен кездесті. Түркістандағы ресми қарсы алу рәсімдері дипломатиялық хаттамаға сай өтті.

Фоторепортаж кадрларында мемлекет басшыларының бейресми әңгімелері, бірге серуендеуі және тарихи-мәдени нысандарды аралаған сәттері ерекше назар аударады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Рухани Түркістан және саммит символикасы

Саммиттің Түркістанда өтуі символикалық мәнге ие болды. Түркі дүниесінің рухани астанасы саналатын қалада қонақтарға өңірдің тарихи-мәдени мұрасы таныстырылды.

Президенттер көне шаһардың сәулеттік келбетімен танысып, Түркістанның туризм және мәдениет орталығы ретіндегі маңызына назар аударды.

Саммиттің негізгі сәттері

Саммит барысында түркі елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, көлік-логистика, энергетика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ықпалдастықты күшейту жөнінде бастамалар көтеріліп, ортақ жобаларға назар аударылды.

Сахна сыртындағы ерекше кадрлар

Ресми келіссөздерден бөлек, фоторепортажда көпшілік көре бермейтін сәттер де қамтылды. Көшбасшылар арасындағы еркін форматтағы пікір алмасулар, кулуардағы әңгімелер және дайындық процестері саммиттің ерекше атмосферасын көрсетті.

Түркістандағы бұл кездесу түркі әлемінің ынтымақтастығын айшықтаған маңызды халықаралық оқиғалардың бірі болды.

 

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp