Түркістан облысының Темірлан ауылында құтқарушылар дала әжетханасына құлап кеткен баланы аман алып шықты, деп хабарлайды
порталы.
112 қызметіне жеке тұрғын үй ауласындағы дала әжетханасына 2025 жылы туған баланың құлап кетіп, өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері баланы абайлап шығарып, медицина мамандарына тапсырды. Қазіргі жағдайы туралы ақпарат нақтылануда.
Құтқарушылар баланы қауіпсіз жерге шығарып, 103 қызметінің мамандарына тапсырды
Ведомство ата-аналарға балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауға шақырды. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
[video width="792" height="1408" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/video_2026-06-10_08-07-37-1.mp4"][/video]