Мазмұнға өту
qandastar.

Түркістандық шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырған

bahitzhanabzal · · 157 қаралым
Түркістандық шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырған

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін табиғатты қорғау мекемесінің бұрынғы басшысы мен оның сыбайластарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz

ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, облыстық Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы директоры И. Бегасилов, оның орынбасары А. Ерназаров, мекеменің заңгері М. Айнабекова және кәсіпкер И. Муслимов бюджет қаражатын заңсыз игергені үшін жауапқа тартылған.

Олар техникалық талаптарға сай келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы мемлекетке 14,9 млн теңге залал келтірген.
Дәйексөз

Сот шешімі:

И. Бегасилов – 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

А. Ерназаров, М. Айнабекова және И. Муслимов – 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp