Мазмұнға өту
qandastar.

Түркияда мектеп оқулықтарындағы «Орталық Азия» атауы «Түркістанға» ауыстырылуы мүмкін

Бақытжан Мұса · · 421 қаралым
Түркияда мектеп оқулықтарындағы «Орталық Азия» атауы «Түркістанға» ауыстырылуы мүмкін

Түркияда мектеп оқулықтарында «Орталық Азия» атауын «Түркістан» терминімен алмастыру бастамасы көтерілді. Бұл туралы Qandastar.kz Түркияның білім министрі Юсуф Текинге сілтеп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, билік балалардың түркі әлемімен, ортақ тарихпен және бауырлас халықтардың жерімен байланысын терең сезініп өскенін қалайды. Оның сөзінше, «Орталық Азия» термині Түркияда кеңестік кезеңнен қалған, кейін түркі халықтарының бір-бірінен алыстауына әсер еткен ұғым ретінде қарастырылады.

Юсуф Текин бұл аймақты «бауырлас халықтардың жері» деп атап, сондықтан «Орталық Азия» орнына ғылыми әдебиетте кездесетін тарихи «Түркістан» атауын қолдануды жөн көргендерін айтты.

Сондай-ақ Түркияда жас ұрпақтың ортақ тарих, бауырластық және түркі әлеміне тиесілік сезімімен тәрбиеленуіне ерекше мән беріліп отырғаны айтылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp