Фото: ашық дереккөз
Түркия астанасы Анкарада аэроғарыш компаниясының нысанында теракт болды. Жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды Qandastar.kz .
Түркияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 3 адам қаза тауып, 14-і жараланған.
Анкараның Кахраманказан ауданындағы Аэроғарыш өнеркәсібі (TAI) нысандарына теракт жасалды. Өкінішке орай, құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Алла рахымына алсын