Мазмұнға өту
qandastar.

Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым — Әбиба Әбужақынова

bahitzhanabzal · · 487 қаралым
Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым — Әбиба Әбужақынова
Париж Олимпиадасынан елге оралған дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ыстық ықыласпен күтіп алғандарыңызға рақмет. Осы жолы 5-орынмен қайттым. Алдағы жарыстарда көк туымызды биіктен желбіретуге уәде беремін. Менің жақсы күресіп келе жатқаныма 2 жыл ғана болды. Қалған қарсыластарым бұрыннан жүлдегер болып жүрген қыздар. Тағы да 4 жыл маған тәжірибе жинауға жетеді деп ойлаймын. 48 келіде қаламын
деді спортшы.

Қазақстандық дзюдошы ел намысын осы жылдың қазан айында Абу-Дабиде қорғамақ.

Қазанның 13 күні Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде күресемін. Оған 2 ай бар. Бұйырса 2 аптадай демалып, қайтадан жаттығуға ораламын. Бірақ Олимпиада кезінде шағын жарақатым болды
дейді ол.

Сондай-ақ дзюдошы қыз жеке өміріне байланысты сұрақтарға да жауап берді.

Келесі Олимпиадаға дейін тұрмыс құру маған кедергі емес. Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым. Бұл туралы әлі ойланып көремін
деді Әбиба Әбужақынова.
Бөлісу: Telegram WhatsApp