Мазмұнға өту
qandastar.

"Тұрсын Алагөзовтің бір күндік киім образы 131 миллион теңге тұрады" – блогер (ВИДЕО)

bahitzhanabzal · · 2 546 қаралым
"Тұрсын Алагөзовтің бір күндік киім образы 131 миллион теңге тұрады" – блогер (ВИДЕО)

Әртүрлі танымал адамдардың киіміне шолу жасайтын сән блогері Жансая Әміршәріпқызы продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бір күндік образы қанша тұратынын есептеді, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Блогердің

, Тұрсын Алагөзовтің бір образының жалпы бағасы 131 миллион теңгеге жетеді.

Фэшн-блогер кәсіпкердің брендтік заттарын жеке-жеке есептеп, олардың құнын айтты. Оның есебінше:

Аяқкиім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге;
Сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге;
Алқа (Prada) – 461 мың теңге;
Көзілдірік – 514 мың теңге;
Қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге;
Футболка (Cristian Dior)- 473 мың теңге;
Күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Zhansaya Amirsharipkyzy (@zhansaya_ae)
Дәйексөз

Желі қолданушылары кәсіпкердің образына таңғалып жатса, енді бірі сынға алды.

"Сүрген соң өмірді осылай сүру керек", Әр қазаққа осылай киініп жүру бұйырсын", "Бір футболкасының бағасына 4 мезгіл киініп аласың ғой", "Тұрсынғали мырза жап-жас, сәнді ер азамат", "Ақша бар, талғам жоқ", "5 үй саласың ғой мына ақшаға", – деп жазды оқырмандар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp