Белгілі әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатов қазақстандықтарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызын еске салды. Ол тұрғындарды үйлеріне көміртек тотығын анықтайтын арнайы датчиктер орнатуға шақырды. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Өнер иесі көміртек тотығының адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін атап өтті. Бұл газдың түсі де, иісі де жоқ болғандықтан, оны арнайы құрылғыларсыз анықтау қиын.
Осыған байланысты тұрғындарға үй жағдайында көміртек тотығын анықтайтын датчиктерді орнату ұсынылады. Мұндай құрылғылар қауіпті газдың таралуын дер кезінде анықтап, адамдарға ескерту сигналы арқылы хабар береді.
Мамандар жылыту маусымында пештер мен жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.