Белгілі шоумен әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Нұрзыя әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнежазба жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жарияланған видеода Айман Нұрзыя аппақ нәзік көйлек пен сәнді орамал тағып, пальмалар мен гүлзарлар қоршаған ашық аспан астында билеп жүрген қуанышты сәтін көрсеткен. Бейнежазбада «Тұрсынбектің сұлу жан жары Айман» деген жазу қалдырылған.
Оқырмандар Тұрсынбек Қабатовтың жұбайының сәнді образы мен көтеріңкі көңіл-күйіне тәнті болып, желіде жылы лебіздерін білдірді.
«Өте нәзік әрі сұлу!», «Тұрсынбектің бағына бұйырған ару», «Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіз», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Айман Нұрзыя әлеуметтік желіде белсенділік танытып, отбасылық қуаныштары мен күнделікті өмірінен сәттерді жиі бөлісіп тұрады.