Сәтбаев қаласында тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 14 адамды, оның ішінде сегіз баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сондай-ақ олар түтінге тұншыққан мысықты аман алып қалды.
Оқиға Ұлытау көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. Өрт туралы хабар түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.
Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар жалын шарпыған пәтерден түтінге тұншыққан мысықты алып шықты. Жануардың тыныс алуы қиындағандықтан, оған құтқарушының тыныс алу аппаратының көмегімен алғашқы көмек көрсетілді.
Жедел әрекеттің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Оны сөндіруге «Серіктес» ЖШС қызметкерлері де қатысты.