Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің үш командасы «100 SARBAZ» әскери-патриоттық телевизиялық реалити-шоуына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Жобаға ТЖМ атынан «Құтқарушылар», «Сағадат батыр» және «Batyr Team» командалары қатысты. Олар сайыс барысында кәсіби даярлығын, төзімділігін, командалық рухын және күрделі тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған жоба әскери қызметтің беделін арттыруға, жастарға патриоттық тәрбие беруге және оларды әскери борышын абыроймен өтеуге ынталандыруға бағытталған.
«100 SARBAZ» жобасының шығарылымын бүгін сағат 15:00-де «Жібек жолы» телеарнасынан көруге болады.