Мазмұнға өту
qandastar.

ТЖМ тікұшағы Павлодардан науқасты шұғыл жеткізді

Бақытжан Мұса · · 1 144 қаралым
ТЖМ тікұшағы Павлодардан науқасты шұғыл жеткізді

Төтенше жағдайлар министрлігінің “Қазавиақұтқару” тікұшағы ауыр халдегі науқасты тасымалдау үшін Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша шұғыл санитариялық рейс орындады. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 1984 жылы туған пациентке жедел медициналық көмек қажет болған. Экипаж белгіленген бағыт бойынша дереу ұшып шығып, науқасты қауіпсіз жеткізген.

Ұшу кезінде санитариялық авиация мамандары пациенттің жағдайын тұрақты бақылауда ұстағаны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы дәрігерлері жағдайы күрт нашарлаған шетелдік туристің өмірін сақтап қалған еді. Толығырақ: Zakon.kz.

Бөлісу: Telegram WhatsApp