Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы медициналық көмекке мұқтаж сәбиді Ақтөбе қаласынан Астанаға жеткізді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сәбиді медициналық тасымалдауға «Қазавиаспас» АҚ экипажы мен санитариялық авиация дәрігерлері қатысты. Мамандар баланы қауіпсіз түрде Астанаға жеткізді.
Елордаға келгеннен кейін сәби анасымен бірге қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекеме мамандарына тапсырылды.
ТЖМ азаматтарға төтенше жағдай кезінде 112 бірыңғай нөміріне хабарласуды еске салды.