Мазмұнға өту
qandastar.

ТЖМ жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Бақытжан Мұса 100 қаралым
ТЖМ
ТЖМ

ТЖМ жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

Күннің суытуына байланысты жылыту құрылғылары мен электр желілеріне түсетін жүктеме артады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

ТЖМ пештер мен жылыту құрылғыларын пайдаланбас бұрын олардың жарамдылығын тексеруге шақырды. Жанып тұрған пештер мен қосулы электр жылытқыштарын қараусыз қалдырмау қажет.

Сонымен қатар электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеу, ақауы бар құрылғыларды және қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдаланбау маңызды. Балаларды пештер мен жылытқыштардың жанында қараусыз қалдыруға болмайды.

Мамандар түтін мұржаларын күйеден уақтылы тазалап, олардың жарамдылығын тексеруді ұсынады. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы өрттердің басым бөлігінің алдын алуға болады.

ТЖМ азаматтарды жылыту маусымында қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp