Азаматтар Kaspi мен Egov Mobile қосымшаларындағы туған күндерінің өзгеріп кеткенін хабарлады. Желі қолданушыларының сөзінше, цифрлық құжатта туған күні бір күнге ерте көрсетілген.
eGov.kz-тің мәлімдеуінше, мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Жаңарту батырмасын бірнеше рет басу қажет. Бұған қоса қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.