Мазмұнға өту
qandastar.

ҰБТ-ға дайындаймын деп миллиондаған теңге жинаған күдікті Албаниядан жеткізілді

Малика Хамит · · 675 қаралым
ҰБТ-ға дайындаймын деп миллиондаған теңге жинаған күдікті Албаниядан жеткізілді

Интернет арқылы талапкерлер мен олардың ата-аналарын алдады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Албаниядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары әлеуметтік желілер мен интернет платформаларында ҰБТ-ға дайындау және жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіру қызметтерін ұсынып, жалған ақпарат таратқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, оның әрекетінен 32 азамат зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі 28 миллион теңгеден асқан.

Күдікті қылмыстан кейін Қазақстаннан кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың мамырында ол Албания аумағында ұсталып, қазақстандық құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша елге жеткізілді.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс дәлелденген жағдайда оған мүлкін тәркілеу және 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp