Балқаш қаласында зейнеткер өзінің кәмелетке толған қызынан ай сайын алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Ол күнделікті өмір шығындары мен дәрі-дәрмекке қаржы қажет екенін алға тартқан, деп хабарлайды
порталы.
Талап бойынша зейнеткер қызының ай сайын 10 АЕК (2026 жылы — 43 250 теңге) көлемінде материалдық көмек көрсетуін сұраған.
Алайда қалалық сот істі қарап, талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Сот материалдарында зейнеткердің ай сайын 128 229 теңге зейнетақы алатыны, сондай-ақ оның тұрғын үйі мен автокөлігі бар екені анықталған.
Ал қызы екі баланы жалғыз тәрбиелеп, сатушының көмекшісі ретінде шамамен 85 мың теңге табыс табады.
Сот сондай-ақ зейнеткердің денсаулығына байланысты ерекше күтім қажет екенін немесе қаржы тапшылығын дәлелдейтін нақты құжаттар ұсынылмағанын атап өтті.
Талап қоюшының алимент өндіру туралы өтінішін қанағаттандыруға негіз жоқ
Зейнеткер апелляциялық шағым түсірмеген. Сот шешімі заңды күшіне енді.