Мазмұнға өту
qandastar.

«Үйсіз»: танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлын допинг дауынан кейін қатты балағаттады

bahitzhanabzal · · 1 116 қаралым
«Үйсіз»: танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлын допинг дауынан кейін қатты балағаттады

Британдық боксшы Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг туралы жаңалық шыққан соң, оған ашық түрде ауыр сөздер айтты, деп жазады qandastar.kz.

Ақпарат тарағаннан кейін Бентли X желісінде бірнеше сын пікірлі жазбаларды репост жасап, өзі де ауыр мәлімдемелер қалдырды.

Бір жазбасында ол Жәнібекті балаларды қорқытатын мағынасында «бугименге» теңеп:

Мына жалған бугимен допинг-тесттен өте алмай қалыпты
деп жазды.

Басқа жазбасында британдық спортшы Жәнібекті «үйсіз» деп қорлады.

Еске салайық, 2022 жылы өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы Бентлиді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Fucking bum 😪 https://t.co/BHu5spO85X
Denzel Bentley (@2Sharp_d) December 2, 2025
Бөлісу: Telegram WhatsApp