Мазмұнға өту
qandastar.

Үкіметте жаңа Конституцияны жүзеге асыру тетіктері талқыланды

Малика Хамит · · 84 қаралым
Үкіметте жаңа Конституцияны жүзеге асыру тетіктері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан жаңа Конституциясын тиімді іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды

порталы.

Үкімет басшысы жаңа Конституцияның күшіне енуі елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды тарихи қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжат мемлекет пен қоғамды жаңғыртуға бағытталған реформалардың негізгі іргетасы саналады.

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті
деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің сөзінше, жаңа Конституция тек экономикалық өсімді қамтамасыз ететін құрал ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің сапалы дамуына негіз болатын институционалдық тетік ретінде қызмет етеді.

Сондай-ақ Үкімет отырысында жүргізіліп жатқан реформалардың жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғаны айтылды.

Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің барлығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз ету, “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайту, сондай-ақ қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыруға бағытталған
деді Үкімет басшысы.

Отырыс барысында мемлекеттік және қоғамдық институттарды жаңғырту жұмыстары жаңа Конституция аясында жалғасатыны атап өтілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp