Мазмұнға өту
qandastar.

ҰҚК: 3 айда 300-ден астам жемқорлық дерегі тіркелді

Малика Хамит · · 243 қаралым
ҰҚК: 3 айда 300-ден астам жемқорлық дерегі тіркелді

ҰҚК 3 айда 300-ден астам жемқорлық дерегін тіркеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша соңғы нәтижелерді жариялады.

Ақпан-сәуір айлары аралығында 317 құқық бұзушылық фактісі анықталған.

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану сияқты ауыр баптарға қатысты.

Осы істер бойынша 226 адам күдікті деп танылды.

Тергеу қорытындысы да айтарлықтай: 198 іс аяқталып, оның 175-і сотқа жолданған.

Ал келтірілген шығын көлемі 4,2 млрд теңгеге жеткен. Құзырлы орган бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасатынын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp