Мазмұнға өту
qandastar.

ҰҚК ірі операция жүргізді: жүзден астам адам ұсталып, ірі көлемде есірткі тәркіленді

Малика Хамит · · 46 қаралым
ҰҚК ірі операция жүргізді: жүзден астам адам ұсталып, ірі көлемде есірткі тәркіленді

Қазақстанда жыл басынан бері есірткі бизнесіне қарсы ауқымды операциялар жүргізіліп, халықаралық және өңірлік деңгейдегі ондаған заңсыз тасымал арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 33 халықаралық және 11 өңірлік есірткі жеткізу арнасы жойылған. Сонымен қатар, синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан үш жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды.

Арнайы операциялар барысында 3,2 келі героин, 8 келі метамфетамин, 70,6 келі апиын, 129,7 келі гашиш, 16 келі гашиш майы, 282 келі марихуана, 156,5 келі қарасора және 56,4 келі психотроптық зат тәркіленген. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорды айналымнан шығарған.

ҰҚК шетелдік әріптестерімен бірлесіп 21 халықаралық есірткіге қарсы операция өткізген. Нәтижесінде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 114 Қазақстан азаматы мен 7 шетелдік азамат ұсталды.

Сондай-ақ көршілес мемлекеттердің аумағында әрекет еткен халықаралық қылмыстық топтардың 14 мүшесінің заңсыз қызметі тоқтатылған.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтердің жарияланбайтынын хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp