Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды. Екі күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке султеме жасап.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамызда Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді", делінген хабарламада.ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетсек, 2025 жылы 13 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өткен болатын. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде премьер-министрдің өкімімен нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылғаны белгілі.