Мазмұнға өту
qandastar.

ҰҚК шекарашылары бір айда 5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады

Бақытжан Мұса · · 259 қаралым
ҰҚК шекарашылары бір айда 5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады

Маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан заңнамасын бұзған 5 281 адамды ұстады. Олардың 4 493-і – шетел азаматтары, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, бір ай ішінде мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 476 дерегі анықталып, жолы кесілген. Заңсыз тасымалданған жүк көлемінің жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрады.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде есірткіге қатысты 32, қару мен оқ-дәріні заңсыз алып өтуге байланысты 66, жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаудың 708 дерегі тіркелген. Сонымен қатар халық тұтынатын тауарларды заңсыз өткізудің 489 фактісі анықталып, олардың құны 2,1 млрд теңгеден асты. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын валютаны заңсыз алып өтудің 181 дерегі белгілі болды.

Каспий теңізі акваториясында браконьерлікке қатысты 27 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Заңсыз балық аулауға пайдаланылған ұзындығы 24,7 шақырым болатын ау құралдары мен жалпы салмағы 658 келі болатын 94 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

ҰҚК мәліметінше, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде алдын алынған залал көлемі 285 млн теңгеден асты. Сонымен қатар Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғап, 3 526 әкімшілік іс жүргізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 36 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp