Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының бұрынғы әкімі, кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істің жаңа деректерін жария етті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың соңында ҰҚК-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне Жақсылық Омардың қарамағындағы қызметкерлер мен ведомстволық ұйымдардан жүйелі түрде ақша талап еткені жөнінде ақпарат түскен.
Тергеу барысында ақша беруге мәжбүр болған азаматтар анықталған. ҰҚК дерегіне сәйкес, күдікті қызметкерлерге мансаптық өсуді уәде етіп, ал келіспеген жағдайда жұмыстан шығару немесе қызметін төмендету қаупін төндірген.
Комитеттің хабарлауынша, 2026 жылғы 4 ақпанда істі құжаттау аясында ақша қаражатының бір бөлігі бақылау мақсатында берілген. Сонымен қатар күдіктінің Өскемен қаласындағы үйінде тінту жүргізіліп, белгілі бір көлемдегі ақша тәркіленген.
ҰҚК мәліметіне сәйкес, Жақсылық Омар алғашқы жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған.
Еске салайық, бұған дейін сот Жақсылық Омарды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды.