Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттермен бірлесіп арнайы операциялар өткізуді жалғастыра береді, деп хабарлайды
порталы.
Биыл 31 наурызда ведомство Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізді.
Нәтижесінде қазақстандықтарды алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық Колл-орталықтың қызметі тоқтатылды.
Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекеттермен осындай бірлескен арнайы операциялар өткізу жоспарланып отыр», - деді ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.