Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлдананың күйеуі сотта 20 млн теңгенің қайда кеткенін айтты

Малика Хамит · · 12 қаралым
Ұлдананың күйеуі сотта 20 млн теңгенің қайда кеткенін айтты

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесінде марқұмның күйеуі Әділет Зейнел куәлік берді, деп хабарлайды

порталы.

Ол Ұлдананы жерлегеннен кейін әкімдіктен алған 20 млн теңге туралы айтып, қаражаттың қалай жұмсалғанын түсіндірді.

Әділет Зейнелдің сөзінше, жерлеу рәсімі өткен күні оны Ұлдананың сіңлісімен бірге әкімдікке шақырған. Кездесуде Астана әкімі, оның орынбасары және мәслихат депутаты болған. Сол жерде отбасыға 20 млн теңге қолма-қол берілген.

Оның айтуынша, ол кезде жәбірленуші мәртебесінде болған. Кейін Ұлдананың анасының өтінішімен бұл мәртебеден бас тартуға келіскен.

Сотта Әділет 20 млн теңгенің негізгі бөлігіне қатысты есеп берген. Ол ақша алғаннан кейін үш күн ішінде көлік несиесін жапқанын айтты.

9 млн теңге несиеге жұмсалды. 4,5 млн теңгені ата-анасына қайтардық. Қалғаны түрлі шығындарға кетті. Құран оқытып, қой сойдық
деді ол.

Әділеттің сөзінше, көлік несиесі бойынша ай сайын 210 мың теңге төленіп отырған.

Сотта ол ешкімді кінәламайтынын айтып, Ұлдананың өз кәсібін шын жақсы көргенін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp