Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық банк атынан хабарласқан алаяқтар 9 млн теңгені жымқырған

Малика Хамит · · 14 қаралым
Ұлттық банк атынан хабарласқан алаяқтар 9 млн теңгені жымқырған

Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолданып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қаскөйлер телефон арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырады.

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы бір жарым айда еліміз бойынша осындай 39 жағдай тіркелген.

Алаяқтар адамдарға жеке деректері бөтен біреулердің қолына түскенін, енді олардың банк шоттарындағы ақшаны ұрлауға әрекет жасалып жатқанын айтып, қорқытады. Кейін қаражатты «қауіпсіздендіру» үшін басқа шоттарға аударуды сұрайды.

Осыған ұқсас жағдай Жезқазғанда болған. 17 қыркүйекте қала тұрғыны алаяқтардың сөзіне сеніп, депозиттеріндегі ақшаны шешіп алып, олардың нұсқауымен үшінші тұлғалардың шоттарына аударған. Ер адам 9 млн теңгесінен айырылған.

Бұл дерек бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бас прокуратура азаматтарға маңызды ескерту жасады: Ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы азаматтардан несие рәсімдеуді, мүлкін сатуды немесе ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуды талап етпейді.

Сондықтан бейтаныс адам осындай талап қойса, оның сөзіне сенбей, әңгімені дереу тоқтатқан жөн.

Бөлісу: Telegram WhatsApp