Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Малика Хамит · · 108 қаралым
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды

порталы.

Жылдық инфляция 2026 жылғы наурызда 11%-ға дейін баяулады: азық-түлік инфляциясы – 11,7% (12,7%), азық-түлікке жатпайтын инфляция – 11,3% (11,6%), сервистік инфляция – 10,0% (10,8%).

Инфляцияның баяулауына бірқалыпты қатаң ақша-кредит шарттары, айырбас бағамының қолайлы серпіні, тұтынушылық кредиттеу қарқынының баяулауы аясында тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы, сондай-ақ ТКҚ мен ЖЖМ бағасын өсіруге қойылған мораторий мен Үкіметтің басқа да инфляцияға қарсы шаралары септігін тигізді
делінген хабарламада.

Наурызда айлық инфляция ақпандағы 1,1%-дан кейін 0,6%-ға дейін төмендеді.

Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да баяулады.

Сыртқы секторда Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы энергия ресурстарына, азық-түлік пен тыңайтқыштарға әлемдік бағаның өсуіне әкеп соқты. Бұл жағдай бірқатар елде инфляциялық қысымды күшейтіп, Қазақстан үшін де сырттан келетін тауарлардың қымбаттау қаупін еселей түсті
делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 5 маусымда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp