Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық банк қазақстандықтарға жүгініп, мәлімдеме жасады

bahitzhanabzal · · 239 қаралым
Ұлттық банк қазақстандықтарға жүгініп, мәлімдеме жасады

Фото: zakon.kz

Ұлттық банк алаяқтар әрекеті жиіліп кеткенін ескертеді. Бұл жолы қаскөйлер монетарлық орталықтың желіде жалған парақшаларын ашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйлер Instagram әлеуметтік желісінде national_bank_kazakhstan деген жалған парақша ашқан.

Осы секілді фейк-парақшаларды ашу арқылы алаяқтар фишингтік хаттар жіберуден бастап азаматтардың жеке деректерін немесе қаражаттарын жымқыруды көздейтін түрлі жымысқы әрекеттерге барады. Ұлттық Банктің доменіне ұқсас атауларды қолдана отырып қаскөйлер фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің атынан жалған пошта ашады. Ондай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтеме беріледі немесе төлем жасауға арналған өтініштер мен танысуға шұғыл құжаттар болады. Сілтемеге басқан жағдайда пайдаланушының мобильді құрылғысын қашықтан басқаруға негізделген алаяқтардың зиянды бағдарламасы қондырылады". ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Дәйексөз

Қазақстан Ұлттық банкі өздерінің Instagram-дағы жалғыз ресми аккаунты –

екенін еске салады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp