Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық банк пен Жоғары Сот басшылары қызметтерінде қалды

Малика Хамит · · 127 қаралым
Ұлттық банк пен Жоғары Сот басшылары қызметтерінде қалды

Қазақстанның Ұлттық банкіндегі басшылық өзгерген жоқ.

Тимур Сүлейменов орталық банктің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы лауазымын сақтап қалды.

Сүлейменов бұл қызметке алғаш рет 2023 жылғы қыркүйекте келген. Бұған дейін ол мемлекеттік басқару мен экономикалық саясат саласында бірқатар жоғары лауазымды атқарған.

Ол еңбек жолын Ernst & Young компаниясында салық мәселелері бойынша кеңесші ретінде бастаған. Кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясында қызмет атқарып, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі болды.

2012-2016 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты бағытына жетекшілік етсе, 2016-2019 жылдары Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Кейін Президент көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

Сүлейменов 1978 жылы Павлодарда дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдап, АҚШ-тағы Мэриленд университетінде қаржы мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Сонымен қатар бүгін бірқатар мемлекеттік орган басшылары да қызметтеріне қайта бекітілді. Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің, ал Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін жалғастырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp