Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық банк төрағасы өз ипотекасын қалай жапқанын айтты

Малика Хамит · · 35 қаралым
Ұлттық банк төрағасы өз ипотекасын қалай жапқанын айтты

Астанада өткен Сенат отырысынан кейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистердің жеке қаржысына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды

порталы.

Журналистер банк басшысынан ипотекалық несиесі болған-болмағанын сұрағанда, ол бұрын кредит рәсімдеп, оны толық өтеп шыққанын айтты.

Иә, менде кредит болған. Оны жауып тастадым. Шамамен 10 жыл төледім
деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Сенатта Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі қаралып, Ұлттық банк елдегі экономикалық ахуалға қатысты мәліметтерді таныстырды.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскен. Өсімге көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары негізгі үлес қосқан.

Сондай-ақ өткен жылы орташа жалақы 442 мың теңгеге жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз көлемінде сақталды. Инфляция көрсеткіші 2025 жылдың қорытындысында 12,3 пайыз болса, биылғы мамыр айында 10,4 пайызға дейін төмендеген.

Осы өзгерістерді ескере отырып, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдаған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp