Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық ұлан сарбаздары самбодан Әлем кубогында жүлде алды

Бақытжан Мұса · · 524 қаралым
Ұлттық ұлан сарбаздары самбодан Әлем кубогында жүлде алды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері самбодан Әлем кубогында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жарыс Арменияның Ереван қаласында өтіп, оған 22 елден 500-ден астам спортшы қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады

Сайыс нәтижесінде 64 келіге дейінгі салмақта 7552 әскери бөлімінің ефрейторы Нұрсұлтан Нұрсейтов қола медаль жеңіп алды. Ал 98 келіге дейінгі санатта әскерлердің спорт командасын даярлау орталығының өкілі ефрейтор Еламан Қойшыбаев күміс жүлдегер атанды.

Еламан Қойшыбаев халықаралық деңгейде ел намысын қорғау үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, жарыстың жоғары бәсекеде өткенін айтты. Оның сөзінше, бұл жетістік – үздіксіз дайындық пен қолдаудың нәтижесі.

Ұлттық ұлан сарбаздарының бұл көрсеткіштері олардың кәсіби дайындығы мен мықты рухын көрсетті. Сонымен қатар, мұндай жетістіктер Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp