Қазақстанның Ұлттық пантеонында жерленуге құқығы бар тұлғалардың тізімі өзгерді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Енді бұл тізімге вице-президенттер, Құрылтай мен Халық Кеңесінің төрағалары, министрлер және өңір әкімдері де кіреді.
Үкіметтің 4 қарашадағы қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Жаңа тәртіп бойынша мұнда премьер-министрлер мен орынбасарлары, Парламент палаталарының төрағалары, мемлекеттік хатшылар, Президент әкімшілігінің басшылары, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Ұлттық банк басшысы және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар жерлене алады.
Сондай-ақ Президенттің арнайы шешімімен өзге де Қазақстан азаматтарына Ұлттық пантеоннан орын берілуі мүмкін.
Жерлеу рәсімін ұйымдастыру марқұмның жұбайы, жақын туыстары немесе заңды өкілінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар атқарады.
Айта кетейік, жаңа қаулы 17 қарашадан бастап күшіне енеді.