Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды

Бақытжан Мұса 18 қаралым
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті / Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті / Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова

Қазақстандық спортшылар ХХ Жазғы Азия ойындары аясында дзюдодан өткен жарыста екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

ҚР ІІМ «ARLAN» спорт клубының мүшелері, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Азия ойындарындағы дзюдо бәсекесіне қатысты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Елдос Сметов жартылай финалда Азия ойындарының қазіргі чемпионы, Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен белдесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы нәтижелі әдіс жасап, «ваза-ари» бағасын алды. Сметов кездесудің соңына дейін басымдығын сақтап, финалға жолдама алды.

Финалдық белдесудің қорытындысы бойынша Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.

Ұлттық ұланның тағы бір өкілі, ефрейтор Әбиба Әбужақынова да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық дзюдошы Жапония өкілі Мицуки Кондомен кездесті. Жарыс нәтижесінде Әбужақынова күміс медаль иеленді.

Осылайша, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі ХХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі күміс медаль қосты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp